Құрылтай сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды

Құрылтай сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды

Бір палаталы Құрылтай сайлауының Еxit poll нәтижесі жарияланды.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысына сенсек, Құрылтай сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың даусын былай бөліскен:

1. «Әділет» партиясы — 71,8%,

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 6,4%,

3. Respublica партиясы — 5,4%,

4. Қазақстан халық партиясы — 3%,

5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 5,1%,

6.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 5,2%,

7. «Байтақ» жасылдар партиясы — 1,

«Бәріне қарсымын» бағаны — 2,1%.

Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, тұңғыш Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берген. 

Сағат 20.41-дегі мәліметке қарағанда, Құрылтай сайлауына қатысушылардың үлесі — 74,19%.