Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын», – делінген құжат мәтінінде.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындалу және өткізу науқанын ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдау тапсырылды.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа өкілетті орган бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Құрылтай сайлауынан кейін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді.

Құрылтайдың бірінші шақырылымы жұмысын бастағаннан кейін Президент екі ай ішінде Құрылтайдың келісімімен вице-президентті тағайындауы тиіс. Осы мерзімде Конституциялық соттың төрағасы мен судьялары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары және мүшелері тағайындалады. Жаңа құрам жасақталғанға дейін бұл органдардың қазіргі басшылары өз өкілеттіктерін сақтайды.