Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы болып сайланды
2026 ж. 13 маусым
34
0
Астанада өткен «Ақ жол» Демократиялық партиясының съезінде делегаттардың көпшілік дауысымен Дания Еспаева ұйымның жаңа төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жиын барысында партия жетекшісі Азат Перуашев өзінің төрағалық өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл шешімін саяси ұйымның съезінде ресми түрде жария етті. Осыдан кейін Перуашев босаған лауазымға Парламент Мәжілісі төрағасының қазіргі орынбасары Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Съезге қатысушылар бұл ұсынысты бірден қолдап, жаңа жетекшіге дауыс берді. Нәтижесінде Еспаева «Ақ Жол» Демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды.
Еске сала кетейік, Дания Еспаева «Ақ жол» партиясына 2016 жылы келіп, Парламент Мәжілісінің депутаты атанған болатын. Кейінірек, 2019 жылдың сәуір айында ол осы саяси ұйым атынан Қазақстан Президенттіге кандидат ретінде ұсынылды.
Саясатта сара жолы бар “Ақ жол” партиясының төрағасы Дәния Мәдиқызына Ақ жол тілейміз!