Иран президенті көрші мемлекеттерді атқыламауға уәде берді
2026 ж. 07 наурыз
94
0
Иранның Уақытша басшылық кеңесі Таяу Шығыс елдерінің аумағынан шабуыл жасалмаған жағдайда, оларға қарсы жаңа соққылар жасамау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Qazaquni kz агенттігі РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді.
«Көрші елдерден кешірім сұраймын. Кеше Уақытша басшылық кеңесі егер олардың аумағынан Иранға қарсы шабуыл жасалмаса, көрші мемлекеттерге енді шабуыл жасалмайды және зымырандар ұшырылмайды деген шешім қабылдады», — деді Пезешкиан.
Ол Иранның көрші елдерге қатысты агрессивті ниеті жоқ екенін атап өтті. Алайда президенттің айтуынша, елдің қарсыластары Иранның сөзсіз капитуляциясына үміт артпауы керек.
Сонымен қатар Масуд Пезешкиан Тегеран халықаралық құқықты, гуманитарлық нормаларды және қарсы тараптың өзі де жиі сілтеме жасайтын қағидаларды сақтайтынын айтты.