Саясаттанушы Қазақстанның Вице-президенті кім болуы мүмкін екендігін айтты

Саясаттанушы Қазақстанның Вице-президенті кім болуы мүмкін екендігін айтты

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында жасады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, вице-президентті Парламенттің қарапайым басым дауысының келісімімен Президент тағайындайды.

– Вице-президенттің өкілеттік аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдар мен шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, Парламентте Президенттің мүдделерін білдіретіні, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтыны, Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайтыны көзделеді. Вице-президенттің қызметтік функционалына қатысты осы негізгі ережелерді Конституция мәтінінде де көрсеткен жөн, – деп нақтылай түсті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты біз саясаттанушы Руслан Ақмағанбетпен тілдесіп, осы мәселе жөнінде бірқатар сұрақтар қойған едік.

Құрылтайда Президент еліміздің Вице-президенті лауазымы енгізілетінін айтты. Оның қызметі Конституцияда белгіленбек. Халықаралық тәжірибеде вице-президент институты қаншалықты дамыған?

Вице-президент иституты әлемдік практикада бар нәрсе. Оның классикалық нұсқасы АҚШ дейміз. Ондағы ерекшелік Президентпен бірге жалпы сайлауға түседі. Өз алдына дербестігі сақталған. Бауырлас Әзірбайжан мемлекетінде де бар. Онда АҚШ-қа ұқсамайды. Президенттің тағайындауы арқылы жүреді. 

Жалпы Вице-президент институты жеке тарихымызда болған. Қазақстанның алғашқы Вице-президенті Ерік Асанбаев болғанын тарихтан білеміз. 1995 жылғы жаңа конституциямызға сай ол институттан бас тарттық.

Әлемдегі Вице-президент иститутты төтенше мәселелерді алдын алу ретінде құрылған. АҚШ тарихынан алсақ кейбір оқыс оқиғаларда Вице-президент ізбасар ретінде қалып отырғанын білеміз.

Ал енді Қазақстан жағдайында Вице-президент дәл АҚШ еліндегідей ізбасар институтына қарағанда. Ішкі мәселелермен көбірек айналысатын өзіндік ерекшелігі бар институтқа айналатын сияқты.

Оның Қазақстанның дамуына, билік тармақтарының тепе-теңдігі принципіне әсері қандай болмақ?

Билік тармақтары бойынша қазіргі конституция бойынша Президенттен кейін Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Премьер-министр сияқты кезектелік бар еді. Бұл жағдайда алдағы уақытта конституциялық бестікте мынадай болуы мүмкін. Президенттен кейін Вице-президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-министр деп келетін болады. Сәйкесінше конституциялық төрттік болады. Оған себеп, Сенат пен Мемлекеттік Кеңесші институттары тарих қойнауына кетеді. Тарих оралады дегендей Вице-президент пен Құрылтай институттары тарих қойнауынан оралуда.

Ең бастысы, Қазақстанның болашақ Вице-президенті кім, қандай саяси лауазым иесі, не жоғары билік өкілі болуы мүмкін деп ойлайсыз? 

Вице-президент институты бізде АҚШ-қа қарағанда әлде қайда жүйеленген институт ретінде конституцияда нақты жұмыстары айқындалады деп ойлаймын. Мысалы, қазіргі уақыттағы Мемлекеттік Кеңесшінің барлық өкілеттіктері Вице-президент институтына өтеді. Одан бөлек мысалы кейбір жағдайларда сырт іс сапарларға Президент орнына Премьер-министр барушы еді. Бұл жағдайда ендігі уақытта Вице-президент баратын болады. Ол мүмкін болмаған жағдайда ғана Премьер-министр баратын болады. Мүмкін кейбір жағдайларды ішкі мәселелер бойынша Президенттің орнына кейбір жиындарды оның рұқсатымен Вице-президент өткізу мүмкіндіктерін ала алу ықтималды күтіледі. Мысалы, кейде өндірлерді Вице-президент Президенттің рұқсатымен оның орынына сапарлап баруы мүмкін.

Президент Вице-президент қызметіне қандай өкілеттіктер кіретінін атап өтті ғой. Сол параметрлерге бойынша қазіргі жоғары билік эшалонынан кім сай келуі мүмкін?

Вице-президент инстутына кім болуы мүмкін деген сұрақ қазіргі таңда маңызды. Алайда алдағы уақытта Вице-президент лауазымына ішкі саясаттан хабары бар адам келеді деп үміттенемін. Мұның өзіде нақтылы өлшем деп алмаймыз. Олда қалыптасқан жағдайға байланысты. Мысалы, еліміз үшін сыртқы саяси жағдай маңызды болса, Вице-президент лауазымына жағдайға байланысты басқа да адаммен ауыстырылып отыруы мүмкін.

Азамат Тасқараұлы,

Қазақ үні