Үкімет президент Жолдауларының орындалуы туралы көппартиялық Парламентке есеп беруі тиіс - Азат Перуашев
2023 ж. 05 қыркүйек
1698
0
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Ақ жол» демпартиясының парламенттік фракциясы атынан ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, президент жолдауларының орындалуы бойынша үкіметтің есеп беруі қажеттілігін айтты.
***
Президент Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауы айқын, жан-жақты, әрі нақты болып шықты.
«Ақ жол» демократиялық партиясы үшін, Жолдау аясында отандық бизнес тарапынан жылдар бойы айтылып келген, бірақ бүгінге дейін шешімін таппай жүрген көптеген тақырыптардың көтерілгені маңызды.
Сонымен, Мемлекет басшысы өз Жолдауында, «дамудың жаңа сапалық деңгейіне» көшуді, өндірістің мықты да мызғымас іргетасын қалаумен және өңдеуші секторды дамытуға сүйенген экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етумен байланыстырды.
Өз кезегінде, «Ақ жол» Демпартиясы әлеуеті таусылған банктік-шикізаттық парадигмадан алыстап, оны жаңа экономикалық модельге аустыруға барынша үлес қосады.
Негізі, халық мен парламент президенттің Жолдауларында тек берген тапсырмаларын есту ғана емес, сонымен қатар, жыл сайын сол бастамалар қаншалықты орындалып жатқаны туралы да білуге тиіс.
Өткен жылғы Жолдау да жақсы еді, оған дейін де көп орынды сөз айталып келген. Енді, сол тапсырмалардың қайсылары атқарылды, қайсысы орындалмағанын бүкіл ел білуге құқықты емес пе?
Болмаса, Президент бүкіл елге жариялап, Үкіметтің алдына нақты міндеттер қояды, ал олардың қалай іске асқанын неге тек биліктің өзі ғана білуі керек?
Ақпарат құралдарының айтуынша, жақында ғана Үкімет былтырғы Жолдаудың орындалуы жөнінде тек билік партиясы алдында есеп берді. Ол да дұрыс бастама.
Бірақ, біздің ойымызша, Үкімет бір партияға емес, бүкіл халыққа қызмет етуге тиіс. Президенттің өзі бөлек партияға емес, бүкіл елімізге Жолдау жасауда. Сондықтан Үкімет те оның орындалуы туралы халық сайлаған көппартиялы Парламент алдында есеп беруге міндетті.
Осыған байланысты, «Ақжол» Демпартиясының Саяси бағдарламасындағы көптеген жылдар бойы көтеріп келген талаптарын қайта ұсынуға мәжбүрміз. Қазіргі кезде Үкімет парламент алдында жүйелі түрде тек бюджетті бекітіп, оның орындалуы туралы есеп беріп жүр.
Бірақ, бюджет деген – қаржылық құжат, оның негізгі критерийі - қаражатты игеру. Ал Парламент пен Үкімет бухгалтерлік ұйымдар емес, саяси ұйымдар екенін ұмытпауымыз қажет.
Сол себептен, Үкімет, республикалық бюджет қана емес, сонымен қатар жыл сайын президенттің Жолдауын іске асыруы жөнінде іс-қимыл бағдарламасын дайындап, Парламент арқылы оны бекіту және де оны орындау туралы есеп беруге тиіс деп санаймыз.
Сонда, қоғам мен Парламент жаңадан жарияланған бастамаларды талқылап қана қоймай, соларды алдыңғы Жолдауымен салыстырып, өзгерістердің бағыты мен қарқынын бағалап, жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығы мен тұрақтылығын қадағалай алады.
Бұл ұстаным «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына толық сәйкес келеді.
Мұндай тәжірбие, Жолдаулардың тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғамның өз мемлекетіне деген сенімін нығайтатыны сөссіз.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ жол» Демпартиясының фракциясы:
1) 2007 жылға дейін бар болған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын Парламент арқылы бекітуі туралы заңнаманың талаптарын қайтаруды талап етіп;
2) Үкімет бұл бағдарламаларды жыл сайын президенттің Жолдауларын орындалуына арнап, бюджетпен бірге парламентке ұсынып, қорғау керек деп санайды.
3) Мемлекет басшысының Жолдауларының іске асуы туралы Үкіметтің Парламент алдындағы жыл сайынғы есеп беруы туралы норма енгізуді ұсынамыз.
Құрметпен,
«Ақжол» Демпартиясының фракциясы