Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды
2023 ж. 27 тамыз
1176
0

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.
Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр.
Осы сапар аясында Президенттер шағын құрамда келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді.
Президенттер Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты.