Қазақстан Қытайдың Орталық Азияға қатысты бейбіт сыртқы саясатын құптайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Қытайдың Орталық Азияға қатысты бейбіт сыртқы саясатын құптайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Қытайдың Орталық  - Қазақстан Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Қытайдың бұл міндетті орындауға зор үлес қосып отырғанын Қазақстан жоғары бағалайды. Қытай Халық Республикасы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты Бейжіңнің ұстанымы еш өзгерген емес. Сондай-ақ өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатынан айнымай келеді. Қытайдың осы берік ұстанымы ерекше құрметке лайық. Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашанда ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.