«Ақ жол» партиясы Ұлттық кеңесінің пленумында депутаттық мандаттар бөлінді
2023 ж. 27 наурыз
1201
1
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.
Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттар келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы
Еспаева Дания Мәдиқызы - финансист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, Партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Партия төрағасы
Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтобе облысы
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.