ОСК «Ақжолдың» Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді

ОСК «Ақжолдың» Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді. 

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық патиясы 54 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды.

Бұл тізімге 33,3 пайыз көлемінде әйел, жастар санатына жататын және мүгедектігі бар 18 адам енгізілген.

«Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері ұсынылған тізімді тіркеу туралы шешім қабылдады.