«Ақ жол» ұлтшылдар электоратындағы орнын бекіте түсті - Данияр Әшімбаев
2023 ж. 25 қаңтар
1871
0
Әбілдаевтың дауына байланысты кейбіреулер Перуашев партияны бақылай алмай отыр дегенге келтіріп жатыр екен. Ал, шынтуайтында «Ақ жол» бұл жағдайды өте ұтымды пайдалана алған: партия дер кезінде депутатты айыптап, өз қатарынан шығарды, Киевті қолдап, Мәскеуге мін таға бірқатар мәлімдемелер жасады. Сайлауалды науқанды ескерсек, Перуашевтің командасы бұл комбинацияны мейлінше тиімді айналдырып, өздерінің ұлтшыл-патриоттық және либералдық электораттағы орындарын бекіте түсті. Әбілдаевтың сөзі алдын ала жоспарланған болса да, «Ақ жол» терістен гөрі, оң бағаға көбірек ие болды.
Мәжілістің 7-ші шақырылымындағы соңғы жұмыс күндерінде «Ақ жол» депутаттарының жасаған бірқатар мықты сауалдарын да қозғай кетейік: «Болашақ» бағдарламасындағы жемқорлық, сайлау барысына видеобақылау енгізу, әкімдер қызметінің мерзімін шектеу, электроэнергия саласындағы олигополия, шикізат экспортының өндірісі, банктерді күштеп бөлшектеу.
"Ақжолдың" бастауы керемет.
Парламенттегі тағы бір партия - ҚХП - Мәжілістегі жұмысын әдемі аяқтады: Айқын Конуровтың 20%-дық инфляцияға «сыртқы фактор» емес, үкімет кінәлі екендігі туралы сауалын барлық БАҚ жариялады. Алайда, одан кейін құлдырау кезеңі басталды: партиядан экс-депутат Ерлан Смайлов шықса, одан кейін Ғазиз Құлахметов пен ҚХП атынан президенттікке екі мәрте ұсынылған Жамбыл Ахметбеков те кетіп тыңды. Құлахметов пен Ахметбеков тыныш кетсе, Смайлов партияның жаңа басшылығы «тәртіп, әділдік, кәсібилік пен әлеуметтік мемлекет идеологиясынан» жұрдай екенін айтып салды.
Ертысбаев болса өз жауабында «парламентке қосалқы есіктен кіріп кеткен бетпақтар» туралы базынасын жеткізді. Ол сөзін де партияның бас есепшісі ғана қолдаған.
Бірақ, жаңа басшылықтың кадр саясатына қатысты қызықты әрекеттерін де ескере кеткен жөн: Ертысбаевпен ере келген жаңа үш орынбасардың қатарында «Атамекен» ҰКП бұрынғы орынбасары, «Самұрық-Қазына» мен ОАЭК-тың еншілес мекемелерінің жеиекшілері бар. Екеуі артынша қызметтен кеткенімен, орынбасарлардың екінші траншы арасында ҰКП-ның басқа бір экс-басқарушы директоры бар болып шықты. Өте «халықшыл» партия екен. Бір жағынан, олардың қатарында тым құрығанда даулар шығып тұрады. Ал, кейбір «жаңа» мен «ескі» партиялардың тіпті үні де шықпайды.
Данияр Әшімбаев,
Телеграм арнасынан