Мәжіліс таратылды, кезектен тыс сайлау 19-наурызға тағайындалды
2023 ж. 19 қаңтар
4887
3
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.