Марат Қарабаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды
2023 ж. 04 қаңтар
1403
0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды.