Президент Ташкент қаласындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды

Президент Ташкент қаласындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды

Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Монумент былтыр Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.