Exit-poll нәтижесі: сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
2022 ж. 21 қараша
1019
0

Кезектен тыс президент сайлауының алғашқы exit-poll деректері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Открытое общество" институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша кезекті exit poll қорытындысы бойынша:
Қарақат Әбден - 2,54 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев - 2,17 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев - 3,33 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен - 2,23 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова - 2,00 пайыз дауыс жинады.
5,2 пайыз адам "бәріне қарсы" дауыс берген.
Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 22:00-дегі жағдай бойынша, 8 299 501 адам сайлауға қатысқан. Бұл сайлаушылар санының 69,43 пайызы.