Депутаттар Парламентте ҰҚК басшысымен сөзге келіп, арты жанжалға ұласты (видео)
2022 ж. 18 қараша
1544
0
«Ата-Журт Қырғызстан» партиясының депутаттары Фархат Исмаилов пен Омурбек Бакиров Жогорку Кенеште төбелесіп қала жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress-ке сілтеме жасап.
Қырғызстан парламентіндегі төбелестің алдында Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау туралы келісім жобасын ратификациялау кезінде депутат Бәкіров пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев арасында ауызша кикілжің болды.
Исмаилов Ташиевті жақтап, Бакировтың әріптесіне қарай беттеді. Олар бір-бірімен көтеріңкі үнмен сөйлесті, бірақ басқа депутаттар оларды бөліп, сабырға шақырды.
Депутаттар бөлініп, отырыс жалғасын тапты.