Қаңтарда Президент шешімді қалай қабылдады – Мәжіліс спикерінің сұхбаты
2022 ж. 26 қазан
1624
1
Журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов қаңтар оқиғасы кезінде Ақордада болған күрделі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің көзімше болған бір жағдайды айтайын. Алматыда және өңірлерде осындай жағдай болып жатқан кезде мен Президенттің кабинетінде болдым. Сол кезде Президенттің күзет қызметкері кіріп келіп, айтты: «Президент мырза, Ақордаға шабуыл жасалуы мүмкін, сізді басқа қауіпсіз жерге көшіруіміз керек», - деп. Сол кезде мен Президентті басқа қырынан көрдім. Ол тұрып, қатты айтты: «Мен ешқайда бармаймын. Не болса да, осы жерде көремін», - деді. Тура осыдан артық сөз айтқан жоқ. Қатты айтты да, күзет қызметін қоя берді. Сол кезде мен Президенттің батылдығын да, мінезін де көрдім», - деді Ерлан Қошанов.
Қоса кетсек, сұхбат аясында Мәжіліс спикері Президент сайлауының не себепті күзге белгіленгенін мәлімдеп еді. Оның айтуынша, бұл - осы кезге дейін қабылданған саяси реформалады орындайтын және саяси институттардың жаңаша жұмыс істейтін кезеңнін бастауы болмақ.