Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК VI саммитінде сөйлеген сөзі
2022 ж. 13 қазан
1841
0
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің ашылуында сөз сөйледі. Борт №1 телеграм арнасы Президент сөзінің толық видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып, Астанада Қазақстанның төрағалығымен өтті.
Саммит аясында Кувейт Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше болып кірді. «Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді. Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл Астанада АӨСШК Іскерлік кеңесі мен бизнес-форумы, АӨСШК Жастар кеңесінің бесінші отырысы өткенін айтты. «Бүгін АӨСШК қоры құрылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің атап өтуінше, аталған қордың мақсаты – АӨСШК жобаларын іріктеу және оларды іске асыруға ерікті қаражат жинау үшін арнайы тетік құру болмақ.