Ұлттық волонтерлер желісі Қасым-Жомарт Тоқаевты Президентікке кандидат ретінде ұсыну бастамасымен шықты
2022 ж. 05 қазан
1265
2
5 қазанда Астана қаласында өткен Ұлттық волонтерлік желісінің волонтерлік ұйымдарының жиналысында волонтерлер қазіргі уақыттағы Мемлекет басшысын Қ.Тоқаевты қолдау және оны жаңа мерзімге Президентке үміткер ретінде ұсыну бастамасын көтерді.
Соңғы жылдары еліміздің волонтерлік қозғалысы жалпыұлттық масштабқа ие болуда. Айналадағы өмірді жақсы жаққа өзгертуге, көмек көрсетуге және мейірімділік жасауға күштері бар екендігін сезіп жатқан қазақстандықтардың саны артып келеді. Бүгінде Қазақстанда 200 мыңнан астам волонтерлерді өз жұмысына қатыстыратын 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс атқарып жатыр.
Бұл – тек азаматтар мен азаматтық қоғамның ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық және волонтерлік қызмет арқылы әлеуметтік әріптестіктің әлеуетін жоғарылатуда, мемлекеттің дамуында волонтерлердің жоғары рөлін және маңыздылығын түсінетін мемлекеттің де еңбегінің жетістігі.
Волонтерліктің дамуында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан елеулі үлесін атап өту маңызды. Оның тікелей қолдауы нәтижесінде халықаралық және республикалық деңгейлерде волонтерлік қызметті дамыту бастамалары және бірқатар стратегиялық маңызды құжаттар қабылданды.
Президент 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау бастамасын қолдады. Бұл шешім өте маңызды рөл атқарды. Себебі COVID-19 пандемиясымен күресте медицина және өзге де қызметтермен бірдей алдыңғы қатарда волонтерлер де болды. Бұл волонтерлік жобалар үшін гранттарды дамытуға, пандемия кезінде көрсеткен азаматтық белсенділігі үшін «Халық Алғысы» мемлекеттік медалін тағайындау және 5 мыңнан астам қазақстандықтарға табыстауға ықпалын тигізді.
Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким волонтерлік ұйымдарға өзінің үндеуінде: «Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы еріктілік саласындағы барлық маңызды бастамаларды қолдай отырып, бірнеше рет волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың еңбегін жоғары бағалады және шын жүректен алғысын айтты. Президент волонтерлерге «ізгі ниеті мен таза ар-ожданы бар асыл адамдар» ретінде сенім артады. Бұл шабыттандырмауы мүмкін емес.
Қазақстан Президентіне деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше бізде өз Президентімізді қолдайық!».