Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.