Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын өзі мүшесі емес партиялар да ұсына алады – министр
2022 ж. 07 қыркүйек
891
0
Алдағы Президент сайлауына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын өзі мүше емес партиялар да ұсына алады. ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлауға үміткер ретінде қатысатынын айтты. Оның «Amanat» партиясының құрамында жоқ екені белгілі. Заң бойынша азамат өзін-өзі ұсына алмайды. Сонда ол сайлауға қандай жолмен түседі?» - деп сұрады БАҚ өкілі.
Министрдің айтуынша, Президент сайлауына үміткерді саяси партия ұсынуы үшін оның сол партияның мүшесі болуы міндетті емес.
«Қоғамдық бірлестік болсын, саяси партия болсын, ұйымға мүше емес адамды сайлауға кандидат ретінде ұсына алады»,- деп жауап берді министр.