Президент мандатының 7 жылдық кезеңі кез келген бағдарламаны жүзеге асыруға жеткілікті –Тоқаев
2022 ж. 01 қыркүйек
1464
1

Президент мандатының 7 жылдық кезеңі кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Qazaquni.kz ақпарат агенттігі.
«Мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент бұл бастаманың негізіне тоқталды.
«Бір жағынан 7 жыл кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.