ҰҚК "Кәрім Мәсімов ісі" бойынша тергеу амалдары аяқталғанын хабарлады
2022 ж. 25 тамыз
1411
0
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Өсіповке қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. ҰҚК-ның баспасөз қызметі 25 тамызда осылай деп мәлімдеді. Комитет сонымен бірге лауазымды тұлғалар Д.Акипов және Н.Бекмұраттың ісі бойынша да тергеу аяқталғанын жеткізді.
Мәсімов пен Садықұловтың әрекеттері "мемлекетке опасыздық жасау" ( 175-бап), "билікті күшпен басып алу" (179-бап), "билікті асыра пайдалану" (362-бап);
Ерғожиннің әрекеті – "билікті күшпен басып алу", "билікті асыра пайдалану";
Өсіпов, Акипов пен Бекмұраттың әрекеті "билікті асыра пайдалану" баптары бойынша сараланған.
"Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр" деп жазылған ҰҚК-ның бейсенбі күнгі хабарламасында.