Режеп Ердоған: Біз Украиндық достарымыздың жағында боламыз

Режеп Ердоған: Біз Украиндық достарымыздың жағында боламыз

Түркия елінің басшысы Режеп Тайып Ердоған, Украинаға соғыс басталғаннан бері алғашқы іс-сапарымен барды.

Ол Львов қаласында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерришпен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді. Кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. 

Оның айтуынша, Түрік елі соғыс басталғаннан бері украин халқының шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін гуманитарлық көмек көрсететін 98 жүк көлігін жіберген. Сонымен қатар Украинада жағдай қалпына келгенше оларды орналастыру үшін 325 мыңға жуық украиндықты, оның ішінде 1099 жетім баланы және 408 адамды уақытша елге қабылдаған. 

«Біз Запорожье атом электр станциясының айналасындағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдірдік. Бұл шиеленісті дипломатиялық жолмен тоқтатуға тырысып, украиндық достарымыздың жағында боламыз»,- дейді Ердоған. 

Қазақ үні