Қаңтар оқиғасында Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш жұмыс орнында болған - ҰҚК

Қаңтар оқиғасында Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш жұмыс орнында болған - ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істі тергеу барысына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰҚК төрағасының орынбасары Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап беру барысында қаңтар оқиғасы кезінде Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш жұмыс орнында болғанын айтты.

«Олар қандай бұйрықтар бергенін айта алмаймын. Қазіргі кезде тергеу барысында осы бұйрықтарға егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп жатыр», - деді Асқар Әмірханов. 

Сонымен қатар тілшілер К. Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі қашанға дейін ұзартылатынын сұрады.

«Бұл іске қатысты күзге қарай айқын болады деп ойлаймын. Іс материалдары құпияланған», - деді ол.

А. Әмірханов аталған істе мемлекеттік құпия мәліметтері бар екенін, соттың ашық немесе жабық тәртіпте өтуін сот органдары шешетінін атап өтті.