Путин Тоқаевты экономикалық форумға басты қонақ ретінде шақырды

Путин Тоқаевты экономикалық форумға басты қонақ ретінде шақырды

Мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Қазақ үні.

17 маусым Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады.

Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

«Сонымен қатар келіссөздер барысында мен Қазақстан Президентін Санкт-Петербургтегі халықаралық конференцияға басты қонақ ретінде қатысуға шақырғанымды айта кетейін. Ол біздің шақыруымызды қабылдайды деп үміттенеміз және біз Санкт-Петербургте өтетін форумға қазақстандық саясаткерлер, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын сенімді делегацияны әрқашан күтеміз», - деген еді Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2022 жылдың 10 ақпанында өткен келіссөзде.