Назарбаев: Туыстарым заң бұзу үшін менің атымды пайдаланса, жауапқа тартылуы керек

Назарбаев: Туыстарым заң бұзу үшін менің атымды пайдаланса, жауапқа тартылуы керек

Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туыстарына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Елбасы саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында мәлімдеді.

"...Заң бәріне ортақ. Туыстарымның бірі заң бұзу үшін менің атымды пайдаланса, олар тиісті жауапқа тартылуы керек. Кінәсі сотта дәлелденуі қажет", - деді Назарбаев.

Еске салайық, биыл ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева өкілетін тоқтатқан болатын. Ал сәуірде Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының басшысы қызметінен кеткен еді.