Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатамын - Президент
2022 ж. 26 сәуір
1535
0
AMANAT партиясынан шығу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл туралы партия съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. сондай-ақ партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылу мәселесі қаралды.
Президент AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.