АҚШ Қазақстанның шекарасын мойындайды әрі сақталуына мүдделі

АҚШ Қазақстанның шекарасын мойындайды әрі сақталуына мүдделі

АҚШ үкіметі Қазақстанның аумақтық тұтастығын толық мойындайды әрі оның сақталуына мүдделі. Осылай деп мәлімдеді Қазақстанға ат басын бұрған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зея.

«АҚШ Қазақстан егемен, тәуелсіз және аумақтық тұтастығы бар ел деген қағиданы ұстанады. Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасауға ниеттіміз. Экономиканы өркендету, тұрақтылықты қалыптастыру және COVID-19 пандемиясы тудырған қиындықтарды шешу, климат мәселелерін реттеу бойынша тығыз жұмыс істегіміз келеді. «Ц5+1» дипломатиялық алаңы шеңберінде осы елдердің үкіметтерімен жұмыс істеуге барынша ниеттіміз», - деп пікір білдірді Узра Зея бүгін.

Оның айтуынша, қауіпсіздік қамтамасыз етуі мен демократияны дамыту – Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұрақтылығының кепілі саналады. Әрі бұл бастамасына АҚШ-тың қолдау көрсетіп келе жатқанына 30 жылдай уақыт болды.