Азат Перуашев Бас прокурормен өзекті мәселелерді талқылады
2022 ж. 14 сәуір
1452
1
Бүгін «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен фракция мүшесі Берік Дүйсембинов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловпен кездесті. Кездесу аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламентте көтеріп жүрген бірқатар мәселелері мен Бас прокуратураға жолдаған өтініштері талқыланды.
Мәселен, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандармен және олардың туыстарымен кездесу қорытындысы бойынша фракция депутаттары жолдаған сауалдарға азаматтардың алдағы тағдырын ашпайтын сараң жауаптар алынды. Естеріңізде болса, Алматы, Алматы облысы, Шымкент, Түркістан облысы, Тараз қалаларындағы тергеу изоляторларына барып, ұсталғандардың туыстарымен кездесу қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Қазыбек Иса мен Берік Дүйсембинов прокуратура органдарына ондаған (бәлкім, жүзге жуық) сауал жолдағанын хабарлаған болатынбыз.
Мақалаға сілтемелер:
https://akzhol.kz/memlekettik-toengkeris-zhasamaq-bolghandar-tuegel-anyqtalwy-tiis-aq-zhol/
https://akzhol.kz/qajghyly-qangtar-kezinde-awyr-qylmystargha-qatysy-zhoq-ustalghandardy-bosatw-kerektigi-twraly/
https://t.me/peruash/4860
https://akzhol.kz/aq-zhol-qogham-bejbit-sherwdi-qasiretke-ajnaldyrghandardyng-kim-ekenin-bilwge-tiis/
https://akzhol.kz/aq-zhol-halyq-aqiqattyng-ajtylwyn-kuetip-otyr/
- Біз өз өтініштерімізде күдіктілерді азаптаудан қорғауды, олардың істерінің әділетті қаралуын және құқықтарының толық қорғалуын қамтамасыз етуді сұрадық.
Әсіресе, Президенттің істі ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда жауапкершілікті жеңілдету шараларын ескеру тапсырмасына басымдық бердік. Өз сауалдарымызда прокурорлардың назарын күдіктілер мүддесін ескеретін, тергеушілер ескерусіз қалдырған жайттарға аудардық, соның ішінде, олардың шабуылға ұшыраған адамдарға көмектесуі, жедел жәрдем мен өрт сендіру қызметтерін шақырту, телефон қоңырауларының детализациясын зерттеу, олардың көрсеткен куәгерлерінен жауап алу және т.б. Өкінішке орай, бізге берілген жауаптар жалпылама сипатқа ие болып, келтірген уәждеріміз, тергеу олқылығын ашып көрсеткен тұстар ескерілмеді.
Бас прокурормен әңгіме барысында «Ақ жол» демпартиясы депутаттарының қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарын тағы да қарастырып, осы жайттарды ескеруді сұрадым, - деп жазды Азат Перуашев телеграм каналында.
Депутаттың айтуынша, Берік Ноғайұлы аталған фактілер бойынша прокуратура тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ол азаптау фактілерін тергеуге қатысты прокуратураның функциялары айтарлықтай шектеулі екенін, біріншіден, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге өкілеттіктер жоқ екенін атап өтті. Соған қарамастан, бұл бағытта барлық күш-жігер жұмсалуда екен.
Ұсталғандардың жеке мәселелері бойынша депутаттардың өтініштеріне берілген жауаптарға қатысты Б.Асылов олардың жұтаңдығын тергеу құпиясы және жұмыстың жалғасуымен түсіндірді.
«Ақ жол» төрағасының сөзінше, толығырақ ақпарат беруге болатын жағдайларда Бас прокуратура фракция ескертулерін ескереді.
- Жалпы, ол тәсілдерді ізгілендіруге баса мән беруді қолдайды, оның айтуынша, ауыр қылмыс жасауға қатысы жоқ барлық күдіктілер тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін бас бостандығын шектеуге байланысты емес бұлтартпау шараларымен босатылды, - деп жазды Азат Тұрлыбекұлы.
Сонымен қатар, кездесу барысында олигархтардың кірме теміржол желілерін рейдерлік басып алуына қатысты кәсіпкерлердің өтініштеріне байланысты мәселелер қозғалды. Халық қалаулысы мәлім еткендей, экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі үкіметтік комиссияның аясында мұндай жолдардың мемлекет меншігіне қайтарылатыны белгілі болды.
- Алайда, бұл тәсіл тек мемлекеттік компаниялардан (бірінші кезекте ҚТЖ) ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпорындардың заңды иелерінен де теміржол рельстерінің көп бөлігі тартып алынғандығын ескермейді.
Осыған орай «Ақ жол» ҚДП фракциясы биылғы жылдың 30 наурызында демонополизация аясында мемлекеттің ғана емес, бұрынғы заңды жеке меншік иелерінің де мүдделерін қорғауды талап етіп, Премьер-Министр мен Бас Прокурорға депутаттық сауал жолдады (https://akzhol.kz/ru /ak-zhol-trebwet-zashhitit-zakonnyh-sobstvennikov -zh-d-pwtej-podvergshihsya-rejderstvw/).
Өкінішке қарай, күні кеше Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен жауап алдық, онда төраға Серік Жұманғарин тағы да жолдарды тек мемлекет меншігіне қайтару туралы ғана айтып отыр. Сондықтан, олигополиялар тарапынан бұзылған кәсіпкерлердің құқықтарын ескеріп, қалпына келтіруді талап етеміз, - деп жазды «Ақ жол» фракциясының жетекшісі.
Депутаттың жазуынша, Берік Асылов 2017 жылдан бері «Ақ жол» фракциясы осы мәселені көтеріп, депутаттық сауалдар жолдап келген жауапты тұлғалар рейдерлік басып алуды және өндірістік инфрақұрылымның осы саласын монополияландыруды іс жүзінде жауып, ықпал етті деген пікіріммен келісті.
Сондай-ақ, ол теміржол желілерін рейдерлік басып алуға ұшыраған жеке кәсіпорындарды қорғау мәселесін шешуді (мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін) келесі сатыда өткізу қажеттігін қолдады.
Сондай-ақ, кездесу барысында, Президент тапсырмасына қарамастан шаруашылық даулар бойынша әлі де қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан кәсіпкерлердің өтініштері бойынша, жеке сот орындаушыларының жұмысына қатысты бизнес талаптары, т.б. мәселелер талқыланды.
Азат Перуашев Бас Прокурорға азаматтар арызданған кездегі, тіпті заңсыздық пен әділетсіз шешімдердің ең айқын және өрескел істері бойынша прокуратураның әрекетсіздігі мен енжарлығына қатысты сын айтты.
- Парламент депутаттарының өтініштеріне «белгілі бір адамдар тобының» мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша прокуратураның қадағалау өкілеттіктерінің шектеулілігі туралы жауаптар алсақ, Президенттің, болмаса Бас прокурордың тікелей тапсырмасы болса да, оларға азаматтардың қолжетімділігі туралы не айта аламыз? Мен, керісінше, прокуратура негізгі құқық қорғау ұйымы болуы керек деп есептеймін.
Жалпы, азаматтарды, жеке меншікті және кәсіпкерлік қызметті құқықтық қорғауды күшейту қажеттігі туралы түсіністік бар. Біз осындай мәселелер бойынша өзара әрекеттесуге келістік, - деді А. Тұрлыбекұлы.
Сондай—ақ, Мәжіліс депутаттары Бас прокурормен жемқорлар Қазақстаннан шығарған миллиардтарды қайтару мәселесін қызу талқылады.
Бас прокурор "Ақ жол" депутаттары бұл мәселені Парламентте он жыл бойы көтергенінен хабардар және оны қолдап отыр. Сол үшін ол осындай әрекеттерді үйлестіруді және жалғастыруды ұсынды.
- Мен өз тарапымнан, "Ақ жол" партиясы офшорға кеткен қаржыны қайтару мәселесін жуырда ғана Еуропа одағы мен Қазақстан Парламентаралық комиссиясы өкілдерімен кездесуде көтергенін, осыған байланысты Еуропарламент пен Қазақстанның ортақ жұмыс тобын құру туралы төртінші рет бастама көтергенімді әңгімеледім (https://t.me/peruash/5276). Бас прокуратурамен келешекте де туындаған мәселелерге байланысты кездесіп тұруға уағдаластық, - деп түйіндеді партия басшысы.