Қазақстан Президенті Украина басшысымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Украина басшысымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Қазақ үні.

Берік Уәлидің айтуынша, толық ақпарат кейінірек беріледі.

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев сондай-ақ, Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.