Марат Ахметжанов ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды

Марат Ахметжанов ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды

Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын" деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлықта.