Байден: Әлем Ресейді жауапқа тартады
2022 ж. 24 ақпан
1513
0
Джо Байден АҚШ, оның одақтастары мен әріптестері Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне бірауыздан және батыл түрде жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл шабуылдан болатын өлім-жітім мен ойранға Ресей ғана жауапты болады. АҚШ, оның одақтастары мен әріптестері Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне бірауыздан және батыл түрде жауап береді. Әлем Ресейді жауапқа тартады, - деді Джо Байден.
АҚШ президенті бейсенбі күні АҚШ-тың Ресей Федерациясына қатысты қолданатын шаралары туралы америкалықтарға үндеу жолдайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ Американың президенті түнде Украина төңірегіндегі жағдайды бақылап, болып жатқан жайт туралы ақпарат алып тұратынын айтты.
АҚШ бірыңғай жауап қату үшін РФ бойынша іс-қимылдарын НАТО-дағы одақтастарымен үйлестіреді, - деді АҚШ Президенті.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдаған үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.