Ресей ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындады

Ресей ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындады

Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындап, олармен достық, ынтымақтастық және көмек көрсету туралы келісімдер жасады. Тиісті құжаттарға дүйсенбі күні кешке Ресей президенті Владимир Путин қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ресейліктерге жолдаған үндеуінде Путин Украинадан Донбастағы шайқастарды дереу тоқтатуды талап етті, әйтпесе «қырғын жалғасқан жағдайда төгілуі мүмкін адам қаны» Киевтің мойнында болатынын атап өтті. 

Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау туралы ұсынысқа Батыс сындарлы жауап қатпаса, Мәскеу «жауап беруге» толық құқылы екенін ескертті. Хронометраж бойынша Президенттің қазіргі үндеуі ең ұзақ болды және Мемлекет басшысының федералды жиналысқа Жолдауымен салыстырылады.