Нұрлан Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болды

Нұрлан Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Қазақ үні бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Айта кетейік, Қ.Тоқаевтың тағы бір Жарлығымен Нұрлан Әбдіровтің Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. 

Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасы қызметінен босатылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.