Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
2022 ж. 19 қаңтар
1487
0
ҚР Президентінің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген ҚР
Президентінің жарлығында. Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.