Бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды

Бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды

Бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметті таратты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтының мәліметінше, осы жылдың алтыншы қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175 бабы 1 тармағымен, мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов және өзге де тұлғалар ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.