Мұрат Нұртілеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Мұрат Нұртілеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.