Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келді
2021 ж. 28 желтоқсан
1058
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Қазақ үні Мемллекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.