Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахалтеке арғымағын сыйлады

Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахалтеке арғымағын сыйлады

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

«Ашғабаттағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады. 

Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», - делінген жазбада.