Үш жылда Ұлттық қордан 6,6 трлн теңге бюджетке беріледі
2021 ж. 20 қазан
1440
0
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заң жобасы Бюджет кодексінің 24 бабына сәйкес әзірленді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы 2,4 трлн теңге, 2023 жылы 2,2 трлн теңге, 2024 жылы 2 трлн теңгеге белгілеу ұсынылады. Кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау ұсынылады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин БАҚ өкілдерінің офлайн форматта палатадағы іс-шараларға қатысуына байланысты пікір білдірді.