Қазақстан Президентінің мұрагері кім болады?

Қазақстан Республикасы Президентінің ықтимал мұрагерлер рейтингісі

  «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі ағымдағы жылдың наурыз айында саяси элита ішіндегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде ықтимал мұрагерлерінің мүмкіндіктеріне қатысты объективті баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізді.   Рейтингтік зерттеу Қазақстанның саяси элитасының 23 өкіліне қатысты жүргізілді. Оған қоса, сарапшыларға аталмыш орынға ие болу мүмкіндігі бар тұлғаларды атау ұсынылды.   Сонымен қатар зерттеу аясында болашақ мұрагерге тиісті саясаткерлердің 9 негізгі факторларының маңыздылығы есепке алынды.   Мәліметті жинау барысында қазіргі ҚР Президентінің жеке жоспары алынбады. Себебі Елбасы президенттік мерзімнің аяқталуына дейін өз қызметін атқаратынына сенім білдіреміз.   Сауалнамаға республикадағы саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеп жүрген жоғары тәжірибелі 41 маман қатысты.   Зерттеу нәтижелері орташа балдарды анықтау арқылы SPSS бағдарламасымен есептелді.   Көрсетілген әрбір саясаткерлердің мүмкіндіктерін бағалау үшін 7 балдық жүйе («1» - ең төмен, «7» -ең жоғары) қолданылды. Аталмыш тұлғалардың мүмкіндіктеріне әсер ететін факторларды сараптау үшін 9 балдық жүйе («1» - ең төмен, «9» -ең жоғары) арқылы жүргізілді.   ҚР Президентінің ықтимал мұрагерлерінің жалпы рейтингісін есептеу үшін зерттеу нәтижелеріне арифметикалық амалдар (қосу мен орташа арифметикалық балдарды шығару арқылы «салмақтар») қолданылды.   Сонымен бірге аталмыш зерттеу нәтижелері 2012 жылдың мамыр айында жүргізілген зерттеу нәтижелерімен салыстырылды. Алғашқы зерттеу жабық негізде жүргізілді. Ендігі кезекте алдыңғы жыл мен осы жылы жүргізілген зерттеулерді салыстыра отырып, жариялау туралы шешім қабылданды.  

Факторлар бағасы

 Сарапшылардың жауаптары арқылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ықтимал мұрагерлері ретінде Қазақстанның саяси элитасы өкілдерінің мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлар келесідей орналасты:  

Факторлар

Балдар

2013

2012

1 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімі 7,61 8,43
2 Ішкі билік элитасындағы басқа ықпал етуші топтар мен негізгі тұлғалар үшін тиімділігі 6,68 6,69
3 Саяси ықпал етуі 6,29 6,23
4 Биліктің жоғары эшелонындағы жақын жақтастардың (ықпал етуші топтар) бар болуы 6,08 5,89
5 Әлеуетті саладағы ықпал етуі 5,82 5,37
6 Сыртқы күштерден, әлем державаларының көшбасшыларынан қолдау алу мүмкіндігі 5,26 5,51
7 Экономикалық ықпал етуі 5,43
8 Кәсіби қасиеттер (білімі, басқарушылық өтілі және т.б.) 4,32 5,09
9 Қоғам ішіндегі танымалдылығы мен әйгілілігі 5,06
Сонымен, алғашқы үштікке ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімі (7,61 балл), ішкі билік элитасындағы басқа ықпал етуші топтар мен негізгі тұлғалар үшін тиімділігі (6,68 балл) және оның саяси ықпал етуі (6,29 балл) енді. Мұндай бағалалар Қазақстанның билік элитасы белгілеген «ойын тәртібін» көрсетіп отыр. Себебі мемлекеттің саяси-билік жүйесіндегі негізгі тұлға мемлекет басшысы болып табылады және ол билік элитасы ішіндегі түрлі ықпал етуші топтары арасында тепе-теңдікті ұстап келеді. Оған қоса, оның шешімінсіз элитаның ешбір өкілі келесі екінші Президент лауазымына үміттенуге жағдайы жоқ. Түрлі уақытта мемлекет басшысының бұрынғы жақтастарының (Рахат Әлиев, Әкежан Қажыгелдин, Мұхтар Әблязов, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Жармахан Тұяқбай және т.б.) амалдары қатаң тоқтатылды. Сонымен қатар мемлекет басшысы билік элитасындағы ықпал етуші топтар мен жеке тұлғалардың көңіл-күйін ескере отырып, ыңғайлы мұрагерді анықтайды. Әйтпесе, кері жағдайда өзара қарым-қатынастар мен қарсылықтар жүйесінде ішкі элитаның басым өкілдерінің қолдауынсыз республиканың екінші Президентінің позициясы тұрақсыз болары анық. Президенттік орынға мүмкіндігі бар мұрагердің саяси ықпал ету деңгейі де үлкен маңызға ие. Бірақ та алғашқы екі факторларды ескермейінше, аталмыш тұлғаның (Қазақстанның саяси-билік жүйесіндегі алар орнына қарамастан) келесі мемлекет басшысы ретінде болу үміті жоқ. Сондай-ақ, екі зерттеулердің нәтижелерін салыстыру арқылы иерархиядағы факторлар мен көрсеткіштердің өзгерісі әлдеқайда байқалады. Әсіресе, мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлерге деген сенімінің төмендігі назар аудартады. Ал үміткерлердің саяси ықпал ету көрсеткіші жоғарлағаны көрінеді. Респонденттердің осындай бағаларының өзгерісін былай түсіндіруге болады. Сонғы жылдары билік элитасында және елдегі болған үрдістер аясында республикадағы жағдайды бақылау мен жоғарғы биліктің болашақ сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша басшылық мүмкіндіктерінің белгілі бір деңгейде азаюы байқалды. Ал осындай уақытта ағымдағы жағдай мен елдің болашақ дамуы үшін жауапкершілікті ала білетін элита өкілдерінің саяси салмағы мен потенциалы артатыны айқын. Екінші үштікке кірген факторлар алғашқы үштікке қарағанда екінші деңгейде болғанымен, ҚР Президентінің мұрагерлер позициясына үмітті тұлғалар үшін үлкен рөл атқарады. Қазақстан саяси элитасының ықпал етуші топтарға бөлінуі мен олардың елдегі саяси және экономикалық ресурстар үшін үнемі тартыс жағдайында президенттік таққа үміткер-мұрагерлердің осылардан алшақ болуы аталмыш мақсатқа сәтті жетуіне кепілдік бола алмайды. Сол себепті анықталған тұлғалар үшін биліктің жоғарғы эшелонында жақын жақтастардың немесе потенциалды одақтастардың (6,08 балл) болуы маңызды. Бұл фактор 2012 жылғы зерттеу нәтижелерімен салыстырғанда өскенін көруге болады. Сонымен қатар осы факторлар тобына елдің әлеуетті құрылымдардағы ықпал етуі (5,82 балла) кіріп отыр. Осыған орай, бұл фактор 7-ші орыннан 5-ші орынға тұрақтады. Яғни, соңғы жылдары Қазақстанның саяси-билік жүйесінде әлеуетті құрылымдарындағы жағдайлар кейбір өзгерістерге әкелді деп негіздеуге болады. Дейтұрғанмен, осы арада кейбір ішкі элиталық топтардың немесе ықпалды тұлғалардың тарапынан ықпал етуінің жоғарлағаны туралы сөз болып отыр. Болашақ мемлекет басшысы үшін тек ішкі билік элитасында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның стратегиялық маңызды сыртқы әріптестер тарапынан да, оның ішінде әлемдік ірі мемлекеттер тарапынан (5,26 балл) мойындалуы тиіс. Ресей, Қытай, АҚШ пен Еуропалық Одақтың Қазақстанға ықпал етуін түсіне отырып, болашақ мемлекет басшысын анықтауда олардың көзқарастарын ескермеу дұрыс емес (егер де Қазақстан өзінің барлық қарым-қатынастарын сақтап және одан әрмен арттыру жағдайында ғана болса). Жеке немесе қол астындағы экономикалық ресурстардың болуы (5,26 балл) мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлері үшін қосымша басымдық береді. Десек те, бұл фактор алғашқы бестікке қарағанда әлдеқайда төмен екені байқалып тұр. Оған қоса, маңыздылық бойынша (2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда) төмендеді. 4,32 балға ие болған соңғы екі фактор (кәсіби қасиеттер және танымалдылық мен әйгілілік) қоғам тарапынан мойындалуы деп түсінуге болады. Сөйтіп, алғашқы үш факторлардан басқа қалған факторлар республика сайлаушылары үшін тек формальды сипаттамаға ие болмақ.  

Мүмкіндіктер бағасы

 Төменде көрсетілген Қазақстанның саяси элита өкілдеріне жасалған сарапшылық мүмкіндіктер бағаларының нәтижелері бойынша рейтинг жасалды:  

Үміткер

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімі

Саяси ықпал етуі

Экономикалық ықпал етуі

Әлеуетті саладағы ықпал етуі

Қоғам ішіндегі танымалдылығы мен әйгілілігі

Кәсіби қасиеттер (білімі, басқарушылық өтілі және т.б.)

Биліктің жоғарғы эшелонындағы жақтастардың (ықпал етуші топтардың) бар болуы

Ішкі билік элитасындағы басқа ықпал етуші топтар мен негізгі тұлғалар үшін тиімділігі

Сыртқы күштерден, әлем державаларының көшбасшыларынан қолдау алу мүмкіншілігі

1 Нұртай Әбікаев 6,22 5,8 4,18 6,15 4,85 5,49 5,7 4,63 4,37
2 Кәрім Мәсімов 5,8 5,65 5,56 4,54 5,34 5,17 4,79 3,72 4,85
3 Тимур Құлыбаев 5,05 4,78 5,98 3,82 5 4,39 5,59 4 4,9
4 Иманғали Тасмағамбетов 4,68 5,27 4,75 3,46 6,22 5,63 4,75 3,87 4,21
5 Марат Тәжин 5,61 5,29 2,87 4,41 4,29 5,56 4,1 3,93 4,2
6 Болат Өтемұратов 5,59 4,56 5,54 3,58 3,85 4,37 4,45 3,91 3,51
7 Дариға Назарбаева 5,76 4,54 4,27 2,77 5,85 4,22 4,76 3,16 4,02
8 Серік Ахметов 4,76 4,34 4,38 3,49 4,59 5,15 4,08 4,21 3,21
9 Қасым-Жомарт Тоқаев 5,12 3,61 2,45 2,37 5,1 5,58 3,95 4,82 4,79
10 Ахметжан Есімов 5,63 4,29 4 3,08 3,54 3,73 4,78 3,55 2,77
11 Әділбек Жақсыбеков 4,73 3,88 3,51 4,09 3,76 4,2 4,05 3,79 3,24
12 Өмірзак Шөкеев 4,58 4,18 4,54 3 4,05 4,02 4,6 3,2 2,62
13 Нұрлан Нығматулин 4,88 4,38 3,38 2,77 4,4 4,4 4,15 3,32 3,05
14 Қайрат Мәми 4,53 4,05 2,95 3,8 3,51 4,41 4,3 3,62 2,76
15 Қайрат Қожамжаров 4,13 3,48 3,03 4,4 3,48 4 3,72 2,95 3,37
16 Әсет Исекешев 4,33 3,22 4,21 2 4,25 3,61 4,01 3,56 3,05
17 Аслан Мусин 3,38 4,03 3,7 3,49 4,13 4,54 3,95 2,72 2,78
18 Қайрат Сатыбалдыұлы 4,95 3,3 3,36 3,85 2,78 3,24 4,13 2,77 2,49
19 Бақытжан Сағынтаев 4,4 3,55 3,26 2,31 3,33 4,18 3,67 3,32 2,47
20 Қайрат Келімбетов 4,38 3,41 4,18 2,15 2,59 4,59 3,09 3,11 3,04
21 Самат Әбіш 5,05 2,78 2,56 4,17 1,79 3,36 4,03 3,19 2,37
22 Бахыт Сұлтанов 3,97 2,84 3,14 1,94 2,57 3,92 2,97 2,8 2,26
23 Бауыржан Байбек 4 2,56 1,76 1,54 3,08 2,82 2,95 2,38 1,79
  Айтып кетерлік жәйт, Қазақстанның саяси элита өкілдерін зерттеу барысында өзгерістер енгізілді. Мәселен, қазіргі тізімге Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов (2012 жылы ол ҚР Президент істері басқарушысы болды) кірмеді. Сонымен бірге қазіргі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров пен Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев енді.  

Ықтимал мұрагерлердің жалпы рейтингісі

 
Орын Динамика Ықтимал үміткердің аты-жөні Орташа салмақ (сәуір,2013) Орташа салмақ(мамыр, 2012)
1 Нұртай Әбіқаев 30,54 30,68
2 Кәрім Мәсімов 28,91 29,38
3 Тимур Құлыбаев 27,69 28,8
4 Иманғали Тасмағамбетов 26,88 28,49
5      +5 Марат Тәжин 25,84 25,17
6       +7 Болат Өтемұратов 25,37 23,12
7 ‑2 Дариға Назарбаева 25,07 27,2
8      +6 Серік Ахметов 24,31 23,04
9 ‑3 Қасым-Жомарт Тоқаев 23,99 26,5
10 ‑1 Ахметжан Есімов 23,06 25,27
11      +1 Әділбек Жақсыбеков 22,67 23,28
12 ‑4 Өмірзақ Шөкеев 22,27 25,33
13 ‑2 Нұрлан Нығматулин 22,23 23,35
14      +1 Қайрат Мәми 21,85 21,93
15 Қайрат Қожамжаров 20,80
16      +1 Әсет Исекешев 20,57 18,13
17 ‑10 Аслан Мусин 20,57 26,49
18 Қайрат Сатыбалдыұлы 20,14 18,13
19 Бақытжан Сағынтаев 19,59
20 ‑4 Қайрат Келімбетов 19,54 21,45
21 Самат Әбіш 19,35 13,4
22 ‑2 Бахыт Сұлтанов 16,95 15,56
23 ‑1 Бауыржан Байбек 14,83 12,32

 

Көшбасшылар тобы

 Рейтингтік көрсеткіштер арқасында көшбасшылар тобын төмендегі тұлғалар бастады:
  1. Нұртай Әбіқаев, ҚР ҰҚК Төрағасы.
  2. Кәрім Мәсімов, ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі.
  3. Тимур Құлыбаев, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының қазақстандық қауымдастығының төрағасы.
  4. Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі.
  5. Марат Тәжин, ҚР Мемлекеттік хатшысы.
  6. Болат Өтемұратов, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
  7. Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжісілінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы.
  8. Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі.
Зерттеу нысанына түскен басқа саясаткерлерге қарағанда Нұртай Әбіқаев ҚР Президентінің сенімі (6,22 балл) мен саяси ықпал етуі (5,8 балл) бойынша көшбасшы болып табылады. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевқа адалдығы, мемлекеттік аппараттағы түрлі маңызды орындардағы үлкен жұмыс тәжірибесі, ықпал етуші топтардан алшақтығы мен солардың арасындағы делдал ретіндегі үлкен қабілеті әсер етті. Былтырғы болған шекара қызметіндегі оқиғаларға қарамастан, Әбіқаевтың жалпы позициясы еш өзгермеді. Оған қоса, әлеуетті саладағы ықпал етуі (6,15 балл) мен ішкі билік элитасындағы басқа ықпал етуші топтар мен негізгі тұлғалар үшін тиімділігі (4,63 балл) бойынша көрсеткіштері жоғары. Әбіқаевтың орташадан жоғары балға ие болуы көбіне оның жасымен байланыстырылады. Сондықтан да осының бәрі постназарбаев уақытысында транзиттік тұлға ретінде шығуына әсер етеді. Былтырдан бастап Кәрім Мәсімовтың жалпы рейтингісі 2-ші орында қалды. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Президент Әкімшілігінің жетекшісі болуы арқылы өзінің көрсеткішін біршама жақсартты. Мәселен, мемлекет басшысының сенімі (5,8 балл), саяси ықпал етуі (5,65 балл), әлеуетті саладағы ықпал етуі (4,54 балл) бойынша Нұртай Әбіқаевтан кейінгі орынға ие болды. Соңғы факторға былтырғы жылғы өткен құқық қорғау органдарының өкілдерін аттестаттау комиссиясының басшылығы әсер етті. Сондай-ақ, экономикалық ықпал ету (5,56 балл) бойынша Тимур Құлыбаевтан кейінгі екінші орынға тұрақтады. Тимур Құлыбаевқа келетін болсақ, Жаңаөзендегі оқиғадан кейін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағылығынан алып тастаса да, мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлер ішінде 3-ші орынға орналасты. Мемлекет басшысы тарапынан сенімі (5,05 балл) мен саяси ықпал ету (4,78 балл) деңгейі жоғары болып сақталды. Сонымен қатар басқа тұлғалармен салыстырғанда оның экономикалық ықпал етуі (5,98 балл) өте жоғары, ал биліктің жоғары эшелонындағы жақын жақтастардың (ықпал етуші топтар) бар болуы (5,59 балл) көрсеткішімен екінші орынға жайғасты. Оған қоса, Құлыбаев Қазақстанның сыртқы саяси әріптестерінен қолдау алу мүмкіндігі әлдеқайда басым (4,9 балл). Рейтингтің жалпы 4-ші орнына Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ие болды. Қоғамдағы танымалдылығы мен әйгілілігі (6,22 балл) мен кәсіби қасиеттер (5,63 балл) көрсеткіштері бойынша көшбасшы болып танылды. Ал саяси (5,27 балл) және экономикалық (4,75 балл) ықпал етуі бойынша төртінші орынды алды. Соңғы жағдайға қала мэрінің күйеу баласы Кеңес Рақышевтың экономикалық активтері ықпал етсе керек. Тек мемлекет басшысының сенімі мен қолдауы (4,68 балл) бойынша көрсеткіші төмендігі анықталды. Былтырғы нәтижелермен салыстырғанда Марат Тәжиннің рейтингтік позициясы 10-шы орыннан 5-ші орынға көтерілді. Бұған оның ҚР Мемлекеттік хатшы (көпшілік алдындағы деңгей) етіп тағайындалуы қатты әсер етті. Тәжиннің еншісінде – мемлекет басшысының сенімі (5,61 балл), саяси ықпал етуі (5,29 балл), кәсіби қасиеттер (5,56 балл). Ал әлеуетті саладағы ықпал етуі (4,41 балл) бойынша 3-ші орынды алды. Осы жағдайға көп жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқаруы септігі тиді.   Болат Өтемұратовтың мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлер қатарына енуі таң қалдырды. Былтырғы нәтижемен салыстырғанда 13-ші орыннан бірден 6-шы орынға көтерілді. Мемлекет басшысының тікелей жеке тапсырмаларын орындау арқылы ҚР Президентімен тығыз қарым-қатынаста екені баршаға мәлім. Осының арқасында сенім деңгейі (5,59 балл) жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Саяси-билік жүйесіндегі сындарлы уақытта Елбасыға Өтемұратов қажет болады деген болжам жасауға болады. Оған қоса, жұрт алдында тұлға етіп көрсететін трансұлттық бизнес саласындағы Өтемұратовтың белсенді қызметі оның бұрынғы «сұр кардинал» кескінін жоққа шығарып отыр. Сөйтіп, ол түрлі ықпал етуші топтардың өкілдерінен жоғары тұрғаны байқалды. Рейтингтің 7-ші орнына Дариға Назарбаева төмендеді (былтыр 5-ші орында еді). Мұндай төмендеу билік құрылымындағы жоғары лауазымына күтілген тағайындалуының жоқтығымен түсіндіріледі. Елбасының үлкен қызының қазіргі жағдайы тиісті саяси ықпал бермейтіні анықталды. Саяси ықпал етуде 7-ші орынға тұрақтады. Ал ҚР Президентінің сенім деңгейі бойынша Нұртай Әбіқаевтан кейін 5,76 балмен екінші орынды иеленді. Ішкі ал билік элитасындағы басқа ықпал етуші топтар мен негізгі тұлғалар үшін тиімділік бойынша ең төменгі көрсеткішке (3,16 балл) ие болды. Рейтингтің көшбасшылар тобын Серік Ахметов аяқтап отыр. Оның ҚР Премьер-министрі болып тағайындалуы арқасында 14-ші орыннан 8-ші орынға көтерілді. Сонымен қатар, билік элитасы үшін тиімділік деңгейі бойынша (4,21 балл) 3-ші орынға ие болып отып. Сондай-ақ, қарастырылып отырған топтағы маңызды позициялар бойынша Ахметов орташадан жоғары деңгейге (5-6 балл) шыға алмады. Бұл оның алып отырған лауазымындағы нақты бір жетістіктің жоқтығын көрсетіп отыр. Өзінің алдында болған әріптестеріне қарағанда, Серік Ахметов Үкімет жұмысының сәтсіздігі мен қателіктерін өз мойнына алмай отыр. Соның нәтижесінде жағымсыз толқындар қол астындағы қызметкерлеріне немесе тікелей мемлекет басшысына бағытталады. Мұндай амал арқылы ықтимал мұрагер ретіндегі саяси капиталының жүйелі артуына әкеліп соғады.  

«Қосалқылар» тобы

 Мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлер санатының келесі тобына:
  1. Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары
  2. Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі.
  3. Әділбек Жақсыбеков, ҚР Қорғаныс министрі.
  4. Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы.
  5. Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.
  6. Қайрат Мәми, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.
  7. Қайрат Қожамжаров, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
  8. Әсет Исекешев, ҚР Вице-премьері – индустрия және жаңа технологиялар министрі кірді.
Ішкі билік элитасындағы басқа ықпал етуші топтар мен негізгі тұлғалар үшін тиімділік көрсеткіші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев басқа тұлғаларға қарағанда әлдеқайда алда тұр. Оған қоса, ҚР Президентінің сенімі бойынша Иманғали Тасмағамбетов пен Серік Ахметов сынды тұлғалардан жоғары деңгейді (5,19 балл) көрсетті. Ал сыртқы ойыншылардан қолдау алу мүмкіндігі бойынша Тоқаев 3-ші орынды алып отыр (4,79 балл). Ол тек саяси ықпал ету көрсеткіші бойынша төменгі баға (3,61 балл) алды. Мұны саяси-билік жүйесіндегі Тоқаевтың жұмсақ жұмыс жасау стилі, өзінің экономикалық ресурстардың жоқтығы, оның қызметі сыртқы саясатта және қазіргі таңдағы шетелде болуымен байланыстырылады. Жұмыс тәжірибесінің молшылығы мен ҚР Президентімен туыс болуына қарамастан, Ахметжан Есімов тек мемлекет басшысының сенім ресурсына (5,63 балл) ие. Басқа көрсеткіштер бойынша орташадан төмен бағаланды. Бәлкім, осындай төмен бағаларға ие болуы Есімовтың Алматы қаласының әкімі ретіндегі өзіне жүктелген міндеттерін толық атқармай отырғанына байланысты шығар.   Әділбек Жақсыбековтың 12-ші орыннан 11-ші орынға орналасуы Өмірзақ Шөкеев пен Нұрлан Нығматулиннің позицияларының төмендеуімен байланысты. Ал әлеуетті саладағы ықпал етуі бойынша Кәрім Мәсімов, Марат Тәжин мен Қайрат Қожамжаровтан кейін орынға орналасты (4,09 балл). Осыдан орталықтың саяси ықпал етуде әлеуетті құрылымдарының екінші кезекте (Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік кеңесі және т.б. кейін) тұрғаны айқындалды. Өмірзақ Шөкеевтің рейтингтік позициясы 8-ден 12-ші орынға төмендеді. Осыған холдингке кіретін компанияларды («Қазпошта», «Қазақтелеком», «Эйр Астана», ҚТЖ және т.б.) басқаруы бойынша сынға ұшырауы себеп болуы мүмкін. Өзінің лауазымдық қызметіне сай экономикалық ықпал етуі 4,54 балға тең болды. Дегенмен де, аталмыш фактор мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлері санатындағы рөлінің артуына септігі тимейтіні анық.   Нұрлан Нығматулин 2 позицияға төмендеп, 13-ші орынға орналасты. Бұған «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылуы әсер етті. Ал Елбасының сенім деңгейі мен саяси ықпал етуі бойынша Нығматулин (4,88; 4,38 балл) Қарағанды облысының тағы бір тумасы Серік Ахметовтен жоғары тұрғаны анықталды. ҚР Конституциясына сәйкес биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін жоғары лауазымдық орынды алып отырған Қайрат Мәми аталмыш топтың соңғы орындарына ие болды. Оның жоғары ресми мәртебесінің номиналды рөлі мен мүмкіндіктер бағасы 5 балл деңгейінен төмен екені анықталды.   Қайрат Қожамжаровтың рейтингтің тізіміне ілігуі оның ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалуымен байланысты. Мемлекет басшысының сенімі бойынша 4,13 балл жинаса, ал әлеуетті саладағы ықпал етуі 4,4 балл жинады. Ендігі ҚР ҰҚК Шекара қызметіндегі аттестаттау барысында ықпалы артады деп күтілуде. Бірақ билік элитасында қолдау алу бойынша 2,95 балға ие болды. Осыған Қаржы полициясын басқарып жатқан кезіндегі жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң әрекеті себеп болуы ықтимал. «Қосалқылар» тобының соңғы орнына Әсет Исекешев тұрақтады. Мемлекет басшысының сенімі мен саяси ықпал етуі бойынша (4,33; 3,22 балл) төменгі бағаларға ие болса да, белгілі бір деңгейде оны мемлекет басшысының мұрагері ретінде қарастыруға толық негіз бар. Серік Ахметов секілді ол өзі бастаған танымал емес шаралардан (коммуналдық тарифтерді көтеруін инвестицияларға айырбастау, «Көк Жайлау» тау-шаңғы кешенінің құрылысы және т.б.) аулақтанып, қоғамның сыни толқынын басқа шенеуніктерге бағыттай білді. Исекешев Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасындағы сәтсіздіктеріне назар аудартпай, жаңа технологиялар мен туризмді дамыту аясында жағымды жаңалықтарды қоғам назарына ұсынып келеді. Осыдан оның жасырын саяси амбицияларының барын байқауға болады.  

Басқа тұлғалардың мүмкіндіктері

 Қазақстан Республикасы Президентінің ықтимал мұрагерлері санатына кіретін мүмкіндіктері төмен тұлғалар төмендегідей орналасты:
  1. Аслан Мусин, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы.
  2. Қайрат Сатыбалдыұлы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының хатшысы.
  3. Бақытжан Сағынтаев, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі.
  4. Қайрат Келімбетов, ҚР вице-премьері.
  5. Самат Әбіш, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары
  6. Бахыт Сұлтанов, ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  7. Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары.
Осы топқа Мусин және Сағынтаевтан басқалары өздерінің жас ерекшеліктері мен мемлекеттік аппараттағы жұмыс тәжірибесінің аздығымен көрінген жас саясаткерлер кіріп отыр. Осыған орай, саяси ықпал етуі мен ішкі элиталық ойыншылары үшін тиімділігі бойынша төменгі көрсеткіштерге ие болды. Осы топта ҚР Президентінің сенімі бойынша «ескі гвардия» өкілдерімен Самат Әбіш (5,05 балл) пен Қайрат Сатыбалдыұлы (4,95 балл) теңесе алады. Осыған көбіне мемлекет басшысының туыстық қарым-қатынасы ықпал етіп отыр. Ал саяси ықпал бойынша Әбіш 2,78 балл, Сатыбалдыұлы 3,3 балл жинады. Тіпті, қарастырылып отырған топтағы Қайрат Келімбетовтен (3,41 балл) де төмен екені көрсетіп тұр. ҚР Президентінің ықтимал мұрагерлерінің жалпы рейтингісінде олардың позициялары еш өзгермеді (тек әлеуетті саладағы ықпал етуі бойынша 4,17 балл жинаған қазіргі ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары болып табылатын Самат Әбіштен басқасы). Аталмыш топта Аслан Мусин көш бастап тұр. Бірақ та ол былтырғы нәтижелермен салыстырғанда 10 позициясын жоғалтып, қазіргі 17-ші орынға тұрақтады. Мұны кезінде ҚР Президент Әкімшлігінің жетекшісі лауазымынан босатылуы мен мемлекет басшысы сенімінің төмендеуімен түсіндіруге болады. Қазіргі мемлекет басшысының сенімі бойынша 3,38 балмен бағаланды. Сонымен қатар ішкі билік элитасындағы ойыншылары үшін тиімділігі бойынша Бауыржан Байбектен кейін екінші орынды алып отыр (2,72 балл). Осы топта Мусин тек саяси ықпал етуі бойынша жоғары бағаланды (4,03 балл).   Қайрат Келімбетов 16-шы орыннан 20-шы орынға төмендеді. Үкіметтегі алып отырған орны мен мансаптық өсуіне қарамастан, өзіне тапсырылған мідеттерді орындаудағы олқылықтардың бары байқалды. Мәселен, Келімбетов әйелдердің зейнеткерлік жасын ұзарту мен бірыңғай зейнетақы қорын құру бастамасымен көрінді. Осындай шараларды қолға алуымен көзге түскен тұлға билік элитасында өзінің қажетті екені деп айту қиын. Үкіметтің тағы бір мүшесі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің сенімі мен саяси ықпал етуі бойынша Әсет Исекешев пен Қайрат Келімбетовтен әлдеқайда жоғары тұр (сәйкесінше 4,4; 3,55 балл). Аталмыш тұлғаның осы топта пайда болуы оның 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап елдің саяси-билік жүйесіндегі позицияларына тағайындалуымен байланыстыруға болады. Сондықтан мемлекет басшысының ықтимал мұрагері ретінде оның потенциалы әлі де ашылған жоқ. Жоғары лауазымда тұрған Бахыт Сұлтановтың мүмкіндіктері 9 көрсеткіш бойынша орташа балдан (4 балл) төмен бағаланды. Сондай-ақ, оның позициясы 20-шы орыннан 22-ші орынға орналасты. Рейтингтің соңғы тізімін Бауыржан Байбек аяқтап отыр. Оның бағалары - мемлекет басшысының сенімі 4 балл, саяси ықпал етуі 2,56 балл, билік элитасының ойыншылары үшін тиімділігі 2,38 балл.  

Жалпы қорытындылар

 Аталмыш зерттеу елдің билік элитасындағы бәсекелестік пен бөлінушілік үрдісіне сай ҚР Президентінің ықтимал мұрагерлерінің үш тобын анықтады. Мемлекет басшысының мұрагерлігіне туыстық қатынастағы тұлғалар мен бұрынғы комсомолдық номенклатурасының өкілдері және 1990-2000-жж. аралығында қалыптасқан саясаткерлердің арасында тартыс жүріп жатқаны байқалды. 2012 жылдың мамырында жүргізілген зерттеумен салыстырғанда ықтимал мұрагерлер саны мен жеке ерекшеліктері өзгерді. Олардың саны 7-ден 8-ге дейін жетті. Рейтингтік позицияларының төмендеуі салдарынан бұл топтан Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аслан Мусин шығып қалды. Өз кезегінде бұл топқа Марат Тәжин, Болат Өмемұратов пен Серік Ахметов енді. Осылардың барлығы елдегі биліктің болашақ сабақтастығы мәселесі бойынша Қазақстанның саяси элитасында және қоғам ішінде жоғары өзектілікті көрсетіп отыр. Егер де билік элитасының өкілдері үшін өздерінің статус-квосын сақтау маңызды болса, ал қазақстандықтардың басым көпшілігіне елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған ресми саяси бағыттың өзгермеуі маңызды болып табылады. Зерттеу барысында қарастырылған саясаткерлердің жалпы рейтингісінде көшбасшылықты Нұртай Әбіқаев бастап отыр. Себебі ол тек бұрыннан бері келе жатқан серіктесі ғана емес, ішкі билік элитасындағы (оның ішінде ұлттық қауіпсіздік) жағдайды бағалай алатын, әрі ықтимал қауіптерді алдын алатын тәжірибелі басшы ретінде мемлекет басшысына қажетті тұлға болып табылады. Оған қоса, «ескі гвардияның» өкілі бола отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың командасындағы орны ыңғайлы және тұрақты болып тұр. Сондықтан да оған мемлекет басшысына ықпал ету үшін, мұрагер позициясына шығуы үшін билік элитасындағы өкілдер арасындағы тартысқа түсу аса қажет емес. Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, ҚР Президентінің жақын туысқандарының болашақ мұрагер ретінде ұсынылуы тиімсіз. Олардың барлығында жалпыға ортақ ішкі билік элитасында біршама тепе-теңдікті ұстап тұратындай мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибе аздығы мен саяси ықпал деңгейінің төмендігі байқалады. Сол себепті қоғам мен билік элитасы үшін дағдарысқа қарсы тұра алатын менеджерлер мен жауапкешілікті өздеріне алатын тұлғалар қажеттігі айқын. Осы орайда Кәрім Мәсімов пен Марат Тәжиннің қызметтерін атауға тұрарлық. Олар Нұртай Әбіқаев сияқты ымыраға жету қабілеттерін көрсетті. Олар тағы саяси амбицияларының жоқтығымен ерекшеленеді.   Осы және басқарушылық тәжірибе мен басқа ықпал етуші топтардан алшақ болуы арқасында осы үш тұлға тек мемлекет басшысына ғана емес, билік элитасындағы ықпал етуші топтар үшін де белгілі бір өтпелі кезеңде кепілгер бола алады. Мұнда Қазақстанда ұжымдық сипатындағы (Әбіқаев-Мәсімов-Тәжин труимвираты) регент институты құрылуы жайлы айтылып отыр. Осындай жағдайда болашақ мемлекет басшысы мәртебесі үшін «барлығы барлығына қарсы» принципі бойынша ықпал етуші топтар арасында қақтығыс (белгілі бір тұлғалардың беделін түсіру мақсатында ақпараттық соғыс пен әкімшілік шиеленістен бастап) өршуі мүмкін. Осындай қауіптердің пайда болуы зерттеуге іліккен саясаткерлердің осал жерлерінің барымен, күмәнді беделі бар топтар мен тұлғалармен жақындығымен байналыстырылады. Мысалы, Дариға Назарбаеваның осал жері – ол әлі де болса бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевпен байланысты саяси мансабының кереғар заманынан өткермеді. Оған қоса, елдің саяси сахнасында кезіндегі «Асар» Республикалық партиясының жетекшісі секілді амал-әдістерді қолданып келеді. Осындай жол арқылы ол билік элитасындағы өзінің потенциалды оппоненттеріне ҚР Президенті мен жалпы саяси элита тарапынан наразылықты тудыруына алғышарт жасап отыр. Осыған орай, ықтимал мұрагер позициясына үмітті тұлғалардың қандай да бір қозғалысы (тіпті мемлекет басшысы мақұлдаған жағдайда) ішкі билік элитасындағы оппоненттер тарапынан қатаң қарсы әрекеттер қолданылады. Сөйтіп, соңғылар үшін ҚР Президенті алдында аталмыш үміткерлердің беделін түсіру арқылы (соның салдарынан ықтимал мұрагер ретінде қарастыру мәселесін түсіру) тиімді.   Саяси және медиалық қолдау арқылы ие болған Тимур Құлыбаевтың жағдайының соңы Жаңаөзендегі оқиғалардың орын алуымен көрнекті мысал бола алады. Бірақ та, қазіргі таңда Құлыбаев реванш алуға үміттеніп отыр. «Руханият» партиясының басшылығына оның жақын адамдарының келуі дәлелдердің бірі бола алады. Сонымен қатар, Иманғали Тасмағамбетовтың саяси мансабына республиканың ақпараттық кеңістігінде пайда болған Астана қаласының әкімін мұрагер ретінде қолдауды білдірген атақты 150 зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің хаты белгілі бір дәрежеде қауіп төндіруі ықтимал. Екінші жағынан, соңғы тағайындаулар арқылы потенциалды жақтастардың шеңберін ұлғайтуды көздейтінін байқауға болады.   Жалпы, елдегі биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету тұрғысынан аталмыш зерттеу саяси элита ішіндегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде ықтимал мұрагерлерінің мүмкіндіктеріне қатысты рейтингтік баға беру арқылы жалпы көрініс берді. Ал ықпал етуші топтардың кемінде аз мерзімдік уақытқа мемлекет басшының орнына болашақ мұрагерді жариялауы сәтсіз жоба ретінде қарастырылады.  Себебі елдегі беделі және мықты позициялары арқасында қазіргі ҚР Президенті өзінің рұқсатынсыз билік сабақтастығы мәселесін шешуде қандай да бір қадамдарға жол бермейді. Сонымен бірге қазіргі таңда ішкі билік элитасында немесе оппозицияда онымен тең тұратындай тұлға жоқ. Сондықтан да жоғарғы биліктің сабақтастығы мен Н.Ә.Назарбаевтың ықтимал мұрагерді таңдау мәселесі мемлекет басшысының қандай жол таңдайтынына немесе белгілі бір жағдайда оның қатысуынсыз ерік білдірілуіне байланысты. Осы тақырыпты одан әрмен жалғастыру үшін «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі алдағы уақытта Қазақстанның жоғарғы билігінің ықтимал транзит сценарийлерінің рейтингісін ұсынады. 

www.qazaquni.kz