Елжан Біртановтың адвокаттары Президенттен көмек сұрап, үндеу жолдады

Елжан Біртановтың адвокаттары Президенттен көмек сұрап, үндеу жолдады

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары мен қорғаушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Олар президенттен бұрынғы министрді қудалауды тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Экс-министрдің үлкен ағасы, қоғамдық адвокат болып табылатын Ержан Біртан журналистер алдына ZOOM арқылы шығып, үндеу жолдады. Ол Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іс өтірік пен болжамдарға негізделгенін мәлімдеді.

Біз бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық қудалауды мерзімінен бұрын тоқтату бойынша көмек сұрап, өзіңізге шын жүректен өтініш білдіреміз. Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, Ericsson Nikola Tesla компаниясы келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған. Дегенмен ENТ жазбаша түрде, керісінше дәлел келтіреді, келісімге сәйкес платформаның техникалық қолдауын 2021 жылдың 5 қарашасына дейін жүргіздік деп көрсетеді. ENT пиғылының дұрыс еместігін бетке басу халықаралық арбитражға жүгіну себебі бола алады, - деді Ержан Біртан.

Біртановтың үлкен ағасы ҚМА 2020 жылдың 31 наурызындағы аудиторлық есепке сүйене отырып, ұрлық бабы бойынша тергеуді бастағанын атап өтті. Бірақ 14 ай өткен соң, ұрлықты дәлелдемей-ақ, "жобаның мәні мен келісімшарт талаптары әдейі бұрмаланып", күдікке тағылған айып қызмет бабын теріс пайдалану деп қайта өзертілді, - деді ол.

Ержан Біртан 2018 жылдың соңында Ericsson Nikola Tesla Платформаны әзірлеу және жеткізу бойынша жұмыстың бір бөлігін аяқтағанын, ал Денсаулық сақтау министрлігі оны келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдап алғанын айтты. Келісімшартта қазақстандық ведомстволар Платформаны басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялауы керек екендігі көрсетілген. Кейбір жүйелер 2019-2020 жылдары интеграцияға дайындалып, сынақтан өтті. Бірақ 2020 жылдың мамырында ҚМА оны енгізу жұмыстарын орта жолдан тоқтатты.

Платформа Президенттің 2020 жылдың қазанындағы талабынан кейін бұғаттан шығарылды. Ал қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ЦДИАӨМ оны енгізуді жалғастыруда.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің алдымыздағы бұл сюрреализм стиліндегі картина. Үкімет Платформаны енгізу бойынша жұмысты әлі жалғастырып жатыр. ENT оған техникалық қолдау көрсетуде. Бірақ ҚМА мен Бас прокуратура Елжан Біртановты заңсыз қолға алынған тергеуді, ұстауды және тұтқындауды ақтап алу үшін аталған платформа жұмыс істемейді, ал ENT өз міндеттемелерін орындамады дегенге қоғамды сендіру үшін жанталасып бағуда. 2021 жылдың 5 қарашасында Платформаны қамсыздандыру бойынша берілген үш жылдық кепілдік мерзімі аяқталады, - деді Ержан Біртан.

Оның айтуынша, ҚМА мен Бас прокуратураның арқасында Қазақстанның Платформаны әзірлеушілердің техникалық қолдауынан айырылу қаупі бар. Егер құқық қорғау органдары ENT ниеті дұрыс емес дегенді алға тарта берсе, компания заңды шара қолдана алады. Халықаралық сот процестері ел бюджетіне үлкен шығын әкелуі мүмкін.

Сізден Конституцияның кепілі ретінде осы заңсыздықты тоқтатып, елімізге зиян келтірмеуді сұраймыз, - деді экс-министрдің үлкен ағасы Елжан Біртан.

Сонымен қатар журналистер сұрақ қоюға шақырылды. Адвокат Дмитрий Куряченко адвокаттар Мемлекет басшысына неге шағымдануға шешім қабылдағанын сұрағанда, ол былай деп жауап берді:

Тергеу мен Бас прокуратураны істің объективтілігі қызықтырмайтынын түсіндік. Сондықтан біз көмек сұрап, Президентке жүгінеміз.

Экс-министрдің үлкен ағасы Елжан Біртан өзіне, өз отбасына, туыстарына, тіпті әріптестеріне тергеу тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын айтты.

Тергеу органы белгілі бір адамға қызығушылық танытып, жауап алуға шақырады, ал ол адам осы істегі фигурантқа айналады және оған Елжан Амантайұлымен байланысуға тыйым салынады.

Ол адвокаттарда экс-министрдің кінәсіз екендігіне қатысты жеткілікті дәлелдер бар екенін атап өтті. Бұл ретте Ержан Біртан заң бойынша күдіктінің кінәсін құқық қорғау органдары дәлелдеуі тиіс екенін еске салды.

Біз өзімізді басқа әлемде жүргендей сезінеміз. Барлығы кінәсіздік презумпциясы принципін ұмытып кеткендей, біз түйе емес екенімізді дәлелдеуіміз керек. Айыптаушы тарап кінәні дәлелдеуі керек, - деді Ержан Біртан.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, қолданысқа енгізіп, қызмет бабын асыра пайдаланды деп күдікке ілінген.

Біртанов бір жылға жуық үй қамақта отыр.