Берік Имашев ҚР ОСК төрағасы болып қайта тағайындалды

Берік Имашев ҚР ОСК төрағасы болып қайта тағайындалды

Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақ үні".

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.

Қазақстан Президенті ОСК төрағасын бес жыл мерзімге тағайындайтынын айта кетелік.

Берік Имашев ОСК басшысы болып 2016 жылдың 13 қыркүйегінде тағайындалған болатын.