Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
2021 ж. 23 тамыз
2140
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспассөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасына жазды.
Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады.
«Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады»,-деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.