Бердібек Сапарбаев жұмыстан қуылған әкімді қайтадан қызметке тағайындағаны үшін сөгіс алды
2021 ж. 03 тамыз
2743
0
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қайрат Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.