Назарбаев астананың атауын өзгерту туралы: "Мен оны қаламадым, Тоқаев солай шешті"
2021 ж. 07 шілде
4498
0
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құрметіне елорда атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sputnik.kz.
6 шілдеде Қазақстанда "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінің премьерасы өтті, сұхбатты "Оскар" сыйлығын алған режиссер Оливер Стоун жүргізіп, фильмге өзі продюсерлік жасады.
Назарбаев Қазақстан астанасында болған өзгерістерді таныстыра отырып, бірнеше жыл бұрын бұл жер дала болғанын айтты.
"Қазір қала тұр", - деді Назарбаев Стоунға.
"Иә, сіздің қалаңыз. Оны Нұр-Сұлтан деп атаған сіз бе?", - деп сұрады Стоун.
"Мен мұны қаламадым. Дауластым, қалаған жоқпын", - деп мәлімдеді Елбасы.
"Ал сіз қалаға қандай атау бергіңіз келді?"- деп сұрады танымал режиссер.
"Астана болды, мен солай атадым. Астананы қазақшадан орысшаға аударғанда "столица" болады. Бірақ президент (Қасым-Жомарт Тоқаев – Sputnik) қалаға оны құрушының есімі берілуі керек деп шешті", - деді Назарбаев.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде елдің астанасын "осы қаланы салған адамның" құрметіне атауды ұсынған болатын. 23 наурызда Астана ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
6 шілдеде Елорда күні аталып өтеді. Ол мемлекеттік мереке, сондықтан қазақстандықтар бұл күні демалады.
2021 жылы қалаға 23 жыл толды. Осы күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің туған күнін атап өтеді. Ол 81 жаста.