Желіде Байден мен Ердоғанның "даулы" суреттері талқыланып жатыр
2021 ж. 17 маусым
3101
0
Президент Режеп Тайып Ердоғанның НАТО саммитіндегі америкалық әріптесі Джо Байденмен суреті Түркияда дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bianet сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін France-Presse және Reuters агенттіктері жариялаған суреттен Ердоғанның Байденмен амандасу үшін орнынан тұрып, жұдырығын бергенін көруге болады. Шетелдік БАҚ негізінен Ердоғанның масқа тақпағанына мән беріп жатыр.
Алайда түркиялықтар Ердоғанның бетпердесіз отырғаны жазылғанына емес, батыс баспасөз беттеріне түрік көшбасшысының өте ыңғайсыз түсіп қалған суреті жарияланғанына ашуланды. Өйткені суретте Ердоған еңкейіп Байденнің жұдырығын сүйейін деп тұрған сияқты көрінеді.
Түркия Президентінің кеңесшілерінің бірі Исмаил Сесур де ұлыбританиялық Financial Times газетін осы суретті басты бетке қойғаны үшін Ердоғанды "қате қабылдау" операциясын ұйымдастыруға тырысты деп айыптады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі сыни жазбалардан кейін Reuters агенттігі суретте Ердоған АҚШ президентін қарсы алу үшін орнынан тұрып жатқанын түсіндірді.
Екі ел басшысы АҚШ президенті Джо Байден ХХ ғасырдың басында Осман империясында этникалық армяндардың қырылуын ресми түрде геноцид деп танығаннан кейін кездесті.
Осыған байланысты АҚШ-тың Анкарадағы елшісі Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған АҚШ президентінің мәлімдемесіне наразылық айтылды.
Ал Ердоған Байден ғасырдан астам уақыт бұрын болған ауыр оқиғалар туралы негізсіз, әділетсіз және шындықтан алыс мәлімдемелерді қолданғанын мәлімдеді.