Тоқаев ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жаңа төрағасын тағайындады

Тоқаев ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жаңа төрағасын тағайындады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппты ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

 Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта. 

 Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды.