Тоқаев Душанбедегі Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қойды
2021 ж. 21 мамыр
3389
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапары аясында тәжік мемлекетінің негізін қалаған Исмоил Сомонидің «Ұлттық келісім және Тәжікстанның қайта өрлеуі» мемориалды кешенінде орналасқан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шарадан кейін «Навруз» сарайында Қазақстан Президентінің құрметіне Тәжікстан Президентінің атынан ресми қабылдау өтті.
Исмоил Сомони - Сомонидтер әулетінен шыққан Мәуеренахр мен Хорасан әміршісі.